Бұл платформа Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама беретін тұлғалардың мемлекеттік тізілімін цифрландыру үшін құрылған. Сондай-ақ туроператорлық компанияларда және басқа да көрсету объектілерінде штаттық қызметкерлер болып жұмыс істейтін гидтерді, экскурсоводтарды тіркеу болып табылады.
Жүйе гидтердің, экскурсоводтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу процесін жетілдіруге, өзекті деректерге қол жеткізуді жеңілдетуге, сондай-ақ QR кодын сканерлеу арқылы ресми гидтер мен экскурсоводтарды тексеруге арналған.